Бурабай ауданы
Білім беру

Ауылшаруашылық колледжі, Қатаркөл ауылы

«Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі» МКҚК мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы.

Жоба аясында 2022 жылы Қатаркөл ауылындағы ауылшаруашылық колледжін сенімгерлік басқаруға алу жоспарлануда.

Жобаның құны (инвестиция көлемі) – 600 000 000 теңге.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі – 10 жыл.

Жобаның негізгі мақсаты: оқыту нәтижелері (диплом) Қазақстанда және әлемде танылатын, халықаралық стандарттар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығын құру.

Жоба шеңберінде жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес кадрларды даярлау бағдарламалары жаңартылады, колледждің педагогикалық құрамын дамыту, бизнестермен ынтымақтастықтың тиімді жүйесін құру, колледждің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру, студенттердің тәрбие жұмысының заманауи тәсілдерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жобаны іске асыру сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіптерінің беделін арттыруға және АӨК саласындағы еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған.