Катон-Қарағай ауданы
Білім беру

Ластаев атындағы орта мектеп, Катонқарағай ауылы

Мектеп жобаға 2019 жылы енгізілген. Мұғалімдердің 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың бір бөлігі НЗМ мектептерінде тағылымдамадан өтті.

Жоба аясында физика, химия, биология, география, математика және логика, информатика, роботтехника, бастауыш сыныптарына арналған кабинеттер, инженерия, аспаздық, көркем еңбек шеберханалары және кітапхана жаңартылды.

Мектепте халық музыкасы, балалар театры сыныптары ашылды, сондай-ақ үстел теннисіне үйрету бағдарламасы іске қосылды. Мектеп ансамблі 2022 жылы Алматы қаласында өткен халық ансамбльдерінің халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Жобалық оқытудың ішінара механизмі іске асырылуда. Мысалы, анимациялық мультфильмдер жасау (6-сынып оқушылары), киім мен сөмкелерді тігу (7-8 сынып оқушылары), балық аулау құралдарын жасау (5-сынып оқушылары), 0-сыныпқа арналған әліпбиді оқытудың заманауи әдістемесі (2-сынып оқушысы), т.б.

Бюджет қаражаты есебінен 2019 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жобаны іске асыру кезеңінде білім беру сапасы 65%-дан 69%-ға дейін артты.

 
Мерзімі - басталуы 2020 жыл
аяқталуы – 2023 жыл
Бюджет - 59 788 978 тг