Катон-Қарағай ауданы
Білім беру

Ластаев атындағы орта мектеп, Катон-Қарағай ауылы

Мектеп 2019 жылдан бастап бағдарламаға қатысып келеді және бастапқы жобалардың бірі болды. Бағдарлама аясында мектептің дамуына терең талдау, ата-аналар мен оқушылардан сауалнама алу, мектеп құжаттарын түгендеу, мұғалімдерден сауалнама алу және 4 және 8-сынып оқушыларына арналған емтихандар алу жұмыстары жүргізілді. Талдау негізінде мектепті дамыту жоспары жасалды.

Бүгінгі таңда мектеп «Powered by NIS ауыл мектебі» бағдарламасының екінші кезеңінен өтті, білім беру мекемесінің оқытушылар құрамы біліктілікті арттыру бойынша 150 іс-шараға, соның ішінде Өскемен қаласындағы НЗМ мектебінде тағылымдамадан өтуге, Педагогикалық шеберлік орталығының тереңдетілген курстарына қатысты.

Мектепке жаңа модификация кабинеттері қойылды: информатика, робототехника, кітапхана, физика, химия, математика және логика, биология, зертханалар, сондай-ақ инженерия, көркем еңбек және аспаздық шеберханалары. Барлық кабинеттерде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мектепке өз ісінің үздік шеберлері дайындаған халықтық музыкалық аспаптар сатып алынды. Сондай-ақ мектепте музыкалық ансамбль құру жоспарлануда, ол үшін көп аспапты музыкант, композитор, көмеймен ән салу шебері Еділ Құсайынов шақырылды.

Спорт залы үстел теннисін ойнауға арналған кәсіби жабдықтармен жабдықталды. Қазақстанның үстел теннисі федерациясы жергілікті дене шынықтыру мұғалімдерін үйретіп, қазіргі уақытта олар балалар мен жергілікті тұрғындарға ойынды үйретуде.

Цифрлар: 
Мерзімі - басталуы 2020 жыл
аяқталуы – 2023 жыл
Бюджет - 59 788 978 тг