Катон-Қарағай ауданы

Катон-Қарағай ауданында туристік ақпарат орталығы жұмысын бастайды

Катон-Қарағай ауданында туристік ақпарат орталығы жұмысын бастайды. Орталық жұмысын 5 мамыр күні бастады. Ғимарат ШҚО Катон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында орналасқан.

Орталықтың бірінші қабатында туристерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін коуоркинг, кәдесыйлар мен естелік сыйлықтар сататын дүкен бар. Ал екінші қабатқа ұлттық парк, этнография, өлкетану мұражайларынан әкелінген экспонаттар қойылған. Сонымен қатар кешенде инвестиция орталығы да туристер игілігі үшін жұмыс істейді.

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры орталықтың жобалық-сметалық құжатын дайындауға қатысып, ғимарат құрылысына 3 млн теңге көлемінде қолдау көрсетті.

Ашылу салтанатына жергілікті туроператорлар, қонақ үй мен санаторий иелері, Катон-Қарағай ұлттық паркінің, «Берел» мұражай-қорығының директорлары қатысты. Одан кейін қонақтар орталықты тиімді пайдалану тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысып, ой бөлісті.