Бұл мектеп 2021 жылдан бастап «Powered by NIS ауыл мектебі» білім беру жобасына қатысуда. Жобаны НЗМ-мен бірге ААТДҚ жүзеге асырады.
Өрел ауылының өзі аудан орталығынан 133 км және Өскемен қаласынан 283 км қашықтықта орналасқан. Ауыл мектебінде 157 бала оқиды. Олар үшін, олардың мұғалімдері мен ата-аналары осы ерекше кітапхана ашылды. Отбасылық аймақ кітаптар мен журналдарды тек мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар Өрелдің барлық тұрғындары да оқуы үшін арнайы жабдықталған.
Бұл күндері ААТДҚ командасы үш ауылдық мектепте жаңа пән кабинеттері мен кітапхананы іске қосты, әр жоба туралы міндетті түрде айтып өтеміз.