Катон-Қарағай ауданы
Білім беру

Өрел орта мектебі жаңа құралдармен жабдықталды

Өрел орта мектебі жобаға 2021 жылы қосылғаннан бастап, ғимарат ішіне толықтай жөндеу жұмыстары жасалды. Мектеп мұғалімдерінің 100 пайызы біліктілікті арттыру курстарынан, олардың бір бөлігі НЗМ мектептерінде тағылымдамадан өтті.

Жоба аясында физика, химия, биология, география, математика және информатика, робототехника кабинеттері арнайы техникалық құралдармен жабдықталып, көркем еңбек шеберханалары мен кітапхана қайтадан жаңартылды.

Негізгі пәндерден бөлек, халық музыкасы, қуыршақ театры сыныптары ашылып, үстел теннисі сабағы іске қосылды.

Жалпы бюджеті 30 324 007 теңгені құрайтын жоба 2023 жылы аяқталмақ. Ал оны іске асыру кезеңінде мектептегі білім беру сапасы 69 пайыздан 75 пайызға дейін артты.