Бұланды ауданы
Ауылдық аумақтарды кеңістіктік дамыту

Макинск қ. бас жоспары жаңартылды

Қор мен «Urban Style» ЖШС-ның алғашқы бірлескен жобасы Макинск қаласының құрылысын салудың бас жоспарын жаңарту болды. Құжатты осы саладағы көшбасшылардың бірі – «Urban Style» ЖШС Қазақстанның қала құрылысын салушылары одағының төрайымы Нысанбаева Любовь Владимировнаның басшылығымен әзірледі.

Жаңа бас жоспарда аудан орталығын салу схемасы толығымен өзгертілді, мамандар демография бойынша болжам жасады, қаланың жаңа орталығын жоспарлап, қоғамдық аймақтар қалыптастырды. Жоба аясында тұрғын орамдарды жоспарлаудың толық жоспары әзірленді. Құжатты қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат бекіткен және ол 40 жылға есептелген.

Мерзімі: 2020 жылғы желтоқсан
мемлекеттік бюджет - 31.4 млн.