Бұланды ауданы

Макинскіде Іскер адамдар клубы ашылды

Бизнес, билік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрақты пікірлесіп тұратын диалог алаңын құру ААТД қорының өткен аптадағы кезекті отырысында ұсынылды. Бастама көпшіліктің көңілінен шығып, 1 маусымда Қор өкілдері, әкімдік, жергілікті депутаттар клубтың негізгі бағыттарын талқылауға жиналды.

Талқылау барысында әр қатысушы өз ойын, клубты болашақта қалай көргісі келетінін бөлісті.

Клуб аз уақыттың ішінде “Таза Макинск” бастамасын қолға алмақ. Қатысушылар қатарына қаланың барлық белсенді тұрғыны қосыла алады.

Клуб жұмысының негізгі бағыттары:

1. Экономикалық даму

2. Білім

3. Денсаулық сақтау

4. Спорт және мәдениет

5. Сәулет пен құрылыс

6. Қоршаған орта мен экология