Ұлан ауданы
Білім беру

Қасым Қайсенов кентінің Р. Марсеков атындағы мектеп

Ауданда білім беру жобасы Қасым Қайсенов кентіндегі Р. Мәрсеков атындағы мектепте екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде біз информатика, робототехника кабинеттерін, кітапхананы, инженерия, көркем еңбек және аспаздық шеберханаларын сатып алып, орналастырдық, сондай-ақ үй-жайларда косметикалық жөндеу жүргіздік.

Екінші кезеңде математика және логика, химия, биология, физика кабинеттері сатып алынды. Сонымен қатар біз 3 химия, биология және физика зертханаларын жабдықтадық. Кабинеттер мен зертханаларда косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргіздік.  

1-кезең
мерзімі 2020 жылғы ақпан-желтоқсан
құны 37 000 000 теңге (жөндеу жұмыстарын және «НЗМ» ДББҰ шығыстарын өтеуді қоса алғанда)
2-кезең
мерзімі 2021 жылғы шілде-тамыз
құны 28 000 000 теңге (жөндеу жұмыстарын және «НЗМ» ДББҰ шығыстарын өтеуді қоса алғанда)