Ұлан ауданы
Туризм

«Өскемен-Бозанбай туризмінің 0-70 км» туристік жобасы

Ұлан ауданында, атап айтқанда Бозанбай ауылы мен оның төңірегінде туризмнің дамуы туралы айтқымыз келеді. Біз Community based tourism (CBT) туризмнің даму әлеуетін анықтай алдық, бұл қауымдастықтарға негізделген туризмді білдіреді.

СВТ қонақ үйлерде тұруды қамтиды, онда сіз ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнерді игеріп, үй шаруашылығына қатыса аласыз.

Қонақ үйлер үшін оқыту ұйымдастырылды, туристерді қабылдау мен оларға қызмет көрсетудің ең төменгі талаптарына сәйкес келтіру үшін үш қонақ үйге гранттар берілді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының тур операторларымен бірлесіп "Көктау" тур өнімі әзірленді, оған шамамен 10 трекинг бағдар, вело бағдарлардың 6 нұсқасы, мәдени – тарихи туризм кіреді. 2022 жылдың көктемінде жобаны Қазақстанның тур операторларының кең ауқымына таныстыру және туристік ағынды дамыту жоспарлануда.

Қор жобаны жүзеге асыруға 13,7 млн теңге бөлді.