Катон-Қарағай ауданы
Туризм

Қонақ үй

Катон-Қарағай ауданының табиғаты бірегей және қайталанбас. Катон-Қарағайдағы туризмнің үлесі аудан экономикасында 1%-дан аз екенін білгенде біз таң қалдық. Бұл жағдайды өзгертуге көмектесу үшін біз аудан қауымдастығымен бірлесіп, Community Based Toigism (CBT) қауымдастықтарға негізделген туризмді дамыту стратегиясын жасадық. Қазір біз Ұлан ауданында туризмді дамыту бағдарламасын кеңейтудеміз.

Бағдарлама жұмыс істеген уақытта 25 қонақ үйге 50 млн. теңгеден астам сомаға гранттар берілді.

Қонақжайлылық мектебінің 12 курсы өткізілді. Модуль аясында біз қонақ үйлердің иелеріне жұмысты бастау үшін қажетті негіздерді үйретеміз. Біз ең төменгі стандарттар, туристердің ерекшеліктері, заңды және қаржылық аспектілері, тамақтануды ұйымдастыру стандарттары және басқалары туралы сөйлесеміз.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінім беріп, әңгімелесуден өту қажет. Қор бағдарлама бойынша гранттар береді, әдістемелік және білім беру қолдауын көрсетеді.