Катон-Қарағай ауданы

Катонқарағайда республикалық пленэрдың бірінші кезеңі өтті

Жақында белгілі жазушы, Катонқарағай ауданың тумасы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай Катонқарағай ауданында республикалық пленэрдың 1-кезеңі өтті.

Жиынға Суретшілер одағының мүшелері, Ақтөбе, Астана, Алматы, Өскемен қалалары мен Тарбағатайдан бас-аяғы 15-ке жуық қылқалам шебері келді.

Чунчалинов Абай Қабдуллинұлы, Баяндин Әділғали Сәрсенұлы, Нұрсадықов Құдаш Даулетханұлы, Бекбердинова Гүлнар Мигражқызы, Бейсенова Рада Толгатқызы, Қабөке Оралбек, Жүргенов Алишер Мырзабайұлы, Қалмаханов Мадихан Сейтмаханұлы, Нұрғожаев Алмас Төлегенұлы, Жәкішев Еркебұлан Маутханұлы, Қайырхан Мәди Бейсханұлы, Нұрсадыков Есбол Кұдашұлы, Ниязбеков Әділет Болатұлы, Әділбек Қуаныш Қабидоллаұлы, Бурдесбеков Бақытнұр Байқанұлы классиктің туған ауылы Шыңғыстайда, тарихы терең Берелде болып, Алтай баурайында этюд жазды.
Суретшілерге пленэрдің демеушісі — Катонқарағай ауданы тұрақты даму қорының құрылтайшысы Серік Толықпаевтың атынан қаржылай сыйлық табысталды.

Үш күнге созылған пленэрден кейін ашық аспан астында ерекше көрме ұйымдастырылды. Рухани жиын нәтижесінде аудан қоры 14 картина, 30 этюдпен толықты. Пленэр көрмесі 25 тамызға жоспрланған үлкен тойда назарға ұсынылмақ.

Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен өткізілетінін еске сала кетейік.