Бұланды ауданы

Макинск қаласында ААТД қорының кездесуі өтті

Макинскіде Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының өкілдері, әкімдер мен Бұланды ауданы депутаттары, сонымен бірге кәсіпкерлер 2022 жылғы бірлескен жұмыстың нәтижесін қорытындылады. Ауылдық аймақтарды бизнес, билік, қоғамның бірлесуі арқылы дамыту миссиясы аясында ААТД қоры серіктестерімен бірге жаңа жоспар мен жобалар белгіледі.

ААТД қорының қолдауымен ауданда туризм, білім беру, экология мен орындарды дамытуға қатысты жобалар қолға алынды.

Биыл да жұмыс жалғаспақ, сонымен қатар әлеуметтік сала, қызмет көрсету, пластикті қайта өңдеу, қала жағдайын жақсарту және басқаларына қатысты жобалар жүзеге асып жатыр.

Кездесу барысында қатысушылар аудан мәселесін талқылап, шешімін табу, даму стратегиясын бірге жоспарлау үшін алаң құру бастамасын көтерді.