2022-2023 жылдарға арналған жоспарымызда Катонқарағайда коттедж кентін салу көзделген.
Жобаның мақсаты – адами капиталы мол адамдарды тарту үшін жағдай жасау. Біз коттедж кенті үшін жер телімдерін анықтап, нобайлық жоба әзірледік.
Нәтижелері: Жер учаскелері анықталды Нобайлық жоба әзірленді – 2 млн. теңге. Тұжырымдама аумақты аймақтарға бөлу схемасын, сәулеттік шешімді, жоспарлау мен интерьерді, 3D визуалдандыру мен функционалды схемаларды қамтиды.
Мерзімі: 2019-2021 дайындық кезеңі, 2022 ж. – ЖСҚ әзірлеу, 2023 ж. – құрылыс бойынша жұмыстардың басталуы. Құны: ЖСҚ әзірлеу қорытындысы бойынша анықталатын болады