Ауылдық аймақтарды кеңістіктік дамыту
Жобалау жұмысы

Коттедж кентінің нобайлық жобасы

2022-2023 жылдарға арналған жоспарымызда Катонқарағайда коттедж кентін салу көзделген.

Жобаның мақсаты – адами капиталы мол адамдарды тарту үшін жағдай жасау. Біз коттедж кенті үшін жер телімдерін анықтап, нобайлық жоба әзірледік.

Нәтижелері:
Жер учаскелері анықталды
Нобайлық жоба әзірленді – 2 млн. теңге.
Тұжырымдама аумақты аймақтарға бөлу схемасын, сәулеттік шешімді, жоспарлау мен интерьерді, 3D визуалдандыру мен функционалды схемаларды қамтиды.

Мерзімі: 2019-2021 дайындық кезеңі, 2022 ж. – ЖСҚ әзірлеу, 2023 ж. – құрылыс бойынша жұмыстардың басталуы.
Құны: ЖСҚ әзірлеу қорытындысы бойынша анықталатын болады